Түркістандық полицейлер көпірден секіргелі тұрған азаматты құтқарып алған. Тұрғынның суицид жасауына отбасындағы кикілжің әсер етіпті. Оқиға түнгі сағат 11 лер шамасында Алматы-Термез тас жолында болған. Аймақты патрульдеп жүрген полицейлер көпірден құлағалы тұрған ер адамды байқап қалып көпірге жүгіре жөнеледі. Қос полицей тұрғынның екі қолынан күштеп тартып қауіпсіз жерге шығарып алған. Қазір азамат отбасына аман есен тапсырылған. Көп балалы әке теріс әрекеті үшін өкініп, алдағы уақытта бұндай жағдайға бармайтынын айтты.