Кетпен арқалап, күн астында егістік суғару артта қалды. Түркістандық шаруалар суды тиімді пайдалануды бастамақ. Өңірдегі диқандар ол үшін "Ауыл аманаты" жобасы арқылы жаңбырлатып суғару құрылғысын сатып алған. Ол суды үнемдеу арқылы, өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді екен.