Түркістандықтар Наурыз мейрамын тойлауды бастап кетті. Жер ана бусанып, төрт түлік төлдеп, қыстан аман шыққан жұрт аман-саулық сұрасып, тарихы терең мерекені кең көлемде атап өтіп жатыр. Думанды тойда Наурыз көже таратылып қана қоймай, ұлттық ойындардан сайыс өтті. Дәстүрлі мереке туралы тілшіміз Бақдәулет Анарбай баяндасын.