Биыл ғана құрылған «Республика» партиясы Түркістанға табан тіреді. 600-ден астам адам қатысқан жиында партия төрағасы ұлттық мәдени бірегейлікті ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті. «Көшпенділердің тарихи мәдени мұрасы – біздің ұрпақ ретінде сақтап қана қоймай, қоғамдық санамызды жаңарта отырып, көбейтуге, насихаттауға, бүкіл әлемге таратуға міндетті байлығымыз – дейді ол.