Мәжіліс депутаты, «Ақжол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Иса оңтүстік өңірлерге сапарын қорытындылап, БАҚ өкілдерімен кездесті. Айта кетсек төменгі палата өкілі қаңтардың 5-інен бастап күні бүгінге дейін Түркістан облысына қарасты Шардара, Сауран аудандары мен Шымкент қаласын аралап, жергілікті халықтың мұң-мұқтажын тыңдады. Депутат түркістандық тұрғындар тарапынан көтерілген ауыз су, жайылым жер, газ мәселесін үкімет басындағыларға жеткізуге уәде берді. Депутаттың келесі сапары Қызылорда, Жетісу мен Алматы облыстарына жалғаспақ.