Түркістан қаласы аумағын көгалдандыру инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары сапалы атқарылуы тиіс. Тарихи шаһардағы маңызды нысандарды аралаған Дархан Сатыбалды жауаптыларға осындай тапсырма берді. Облыс әкімі әкімшілік-іскерлік орталығындағы 7 және 30-көше бойындағы саябақтың құрылысын қадағалады. Сондай-ақ облыс әкіміне «Ащысай су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмысы да таныстырылды. Су резервуары – Түркістан, Кентау қалаларын ауыз сумен қамтитын стратегиялық нысан. Мамандар ондағы су құрамын, сапасын тұрақты түрде тексеріп, зерттеп отырады. Халық саны артуына немесе су тұтыну көлемінің күрт артуына да арнайы жоспар жасалған. Дархан Сатыбалды су нысанының талапқа сай жұмыс істеуі маңызды екеніне тоқталып, қажет болса, қосымша қолдау көрсетілетінін жеткізді.