Түркістан облысының руханиятын жандандыру туралы ұсыныстар талқыланды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың өңірдің бір топ ақын-жазушылары мен жыршы-термешілерімен кездесуінде айтылды. Басқосуға 40-тан астам ақын-жазушы мен жыршы-термеші қатысты.