Құрылыс сапасы – басты назарда болуы тиіс. Түркістанның сәулеттік жобалары талқыланған жиында облыс әкімі Дархан Сатыбалды осылай деді. Шаһардың ажарын ашатын 20 қабатты бизнес орталығы мен көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетін әрлеу бойынша мердігерлерге нақты тапсырмалар жүктеді. Құрылысты өз мерзімінде тапсыруды және сапалы орындауды ескертті. Жиында Түркістан теміржол вокзалы аумағын абаттандыру жұмыстары бойынша бірқатар ұсыныстар қаралды. Сонымен қатар отырыста қаланың рухани және мәдени орталығында қойылатын ортағасырлық тас мүсіндер бойынша бірқатар ұсыныстар жасалды.