Елімізде алғаш рет ветеринария қызметкерлері күні тойланады. Мерекені Түркістан облысының осы саладағы қызметкерлері де атап өтті. Еліміздегі жалпы төртүліктің 25 пайызы облыстың үлесінде. Бүгінде бұл салада 2000-нан астам маман жұмыс істейді. Мереке қарсаңында аймақтың құрметті ардагері төсбелгісімен және Үздік ветеринары номинациясымен 20-ға жуық сала қызметкері марапатталды.