Жүзге жуық жас, түрлі ұлт өкілдері Түркістанда тоғысты. «Бір ел» жастар жобасы аясында еліміздің барлық өңірінен келген жастар бір алаңда кездесті. Бағдарлама мақсаты сол қазақстандықтар арасындағы қарым қатынасты, этностар достығын нығайту. Шара аясында қонақтар облыстағы көрікті орындарын тамашалап, өңір тұрғындарының тыныс тіршілігімен танысты. Ал, жастар жағы ел зиялыларымен жүздесті. Айта кетсек, өткен жылы Ұлытауда басталып, Түркістанда жалғасқан жоба келер жылы Атырау облысында өтпек.