Түлкібаста тәжірибелік семинар өтті. Басты тақырып - білім беру ұйымдарындағы буллингтің алдын алу, интербелсенді стратегияларды қолдану. Осы мақсаттағы шараға ауданның барлық бөлігінен 40 әлеуметтік педагог маман мен 20 педагог-психолог қатысты. Өз тәжірибесімен бөліскен олар алдағы уақытта білім алушының өзіне деген сенімділігін қалыптастырып, буллингті ерте анықтауда интербелсенді әдістерді кеңінен қолдануға уағдаласты.