Елімізде ҰБТ тапсыруға ниетті түлектердің саны көбейді. Бұрын жыл сайын 100 мың оқушы тестілеуге қатысса, биыл қаңтардағы сынаққа қатысуға 136 мың өтініш түскен. Олардың 76,3 пайызы қазақ, 23,6 пайызы орыс, ал 126 түлек ағылшын тілінде тест тапсырмақ. Түркістан қаласында аталған сынаққа барлығы 6 мыңннан астам талапкер қатысады. Айта кетсек, қаңтардың 18-інде басталған науқан 10-ақпанға дейін жалғасады.