«Азық-түлік инфляциясы кейбір әкімдіктердің тиімсіз жұмысын көрсетіп отыр». Осылай деген Премьер-Министр Әлихан Смайылов жауаптыларға әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасына мониторингті күшейтуді тапсырды. Үкімет басшысының дерегінше, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1 пайызға өскен. Оның ішінде Ақтөбеде, Өскеменде, Семейде, Қызылордада 0,2 пайыздан жоғары болды.