Биыл еліміздің экономикасы 5,3 пайызға өсуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді. Биыл қабылданған шаралар нәтижесінде негізгі салалардың барлығы оң динамика көрсетті. Мәселен, құрылыста – 13,3 саудада -11,3 пайызға жеткен. Сондай ақ, өнеркәсіп 4,3 ақпарат және байланыс қызметтері 7,1 пайызға өскен. Ал негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінде де айтарлықтай өсім байқалады. Халықаралық рейтингтік агенттіктер Қазақстан экономикасының тәуелсіз рейтингі мен инвестициялық сенімділігін растады.