Бүгін Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті босату туралы қаулыға қол қойды. Еліміздің Премьер-министрі лауазымын уақытша Роман Скляр атқарады. Ал, Үкіметтің өзге мүшелері жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді. Бұған дейінгі Премьер-министр Әлихан Смайылов бұл қызметті екі жылдан аса уақыт атқарған болатын.