Үкімет шегіртке зиянкестерімен күресуге 8,1 млрд теңге бөлді. Премьер-министрдің айтуынша, шегірткенің табиғи түрде ең көп таралуы биылғы жылға тұспа-тұс келіп тұр. Олжас Бектеновтің ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, зиянкестердің таралу орындарын анықтауды тапсырды. Ол үшін қосымша ресурстарды жұмылдырып, өңдеу жұмыстарын бақылауды міндеттеді. Айта кетсек, биыл Түркістан облысында марокко шегірткелері қаптап кетті. Сарыағаш, Келес аудандарын жайлаған зиянкестер егістік пен жайылымға қырғидай тиюде.