Украина Қарулы Күштері Бахмутты қоршауға жақын. Жуырда азат еткен Клещевка ауылынан енді өзге позицияларға шабуыл күшейді. Украина әскері Бахмуттың оңтүстігіне қарай ілгері басып келе жатқанын айтуда. Суық түссе, қарсы шабуылды қиындауы мүмкін дейді мамандар. Жалпы, Украина қарулы күштері батыс басылымдарында қарымта шабуылдың қарқынын баяу жүргізді деген сынның астында қалғанына қарамастан, өз әрекеттеріне сәтті деген баға беруде. Ресей бір жылда әрең басып алған Бахмутты, енді бірер айда қайтарамыз дейді сарбаздар.