Ғұмырының тең жартысында ұстаздық еткен Маржан Тасқызының өмірі жайлы кітап шықты. Автор әлі сиясы да кеппеген туындыны «Маржан апай» деген атау берген. Тірі болғанда бүгінде ғасыр тойын тойланар еді. Ол еңбегі үшін КСРО-ның озат мұғалімі, Еңбек ардагері, Социалистік Еңбек ері атағы берілген. "Ұстаздан шәкірт озады" демекші, Өмірбек Жолдасбеков, Сәдуақас Темірбеков, Жансейіт Түймебаев сынды елге елеулі тұлғалар кезінде осы Маржан Тасқызынан білім алған. Ардақты тұлғаның атына Шымкент қаласынан мектеп те берілген.