«Ата дәстүрі-тәрбиенің бастауы». Түркістан облысында осындай атаумен пилоттық негізде ауқымды жоба қолға алынды. Мақсат-қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрін жаңғыртып, ата-бабамыз қалдырған асыл мұраларды дәріптеу. Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергеновтің бастамасымен, Түркістан облыстық және қалалық әкімдігінің қолдауымен өткен байқауға колледж студенттері қатысып, екі кезең бойынша сынға түсті.