Алматы қаласында аса ірі көлемде есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Бірнеше сатылы арнайы операцияны Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министірлігінің қызметкерлері бірігіп жүргізген. ҰҚК жедел қызметкерлері мен «А» арнайы мақсаттағы қызметтің келісілген әрекеттерінің арқасында Алматы қаласында 100 келіден аса героинды тасымалдау кезінде есірткі арнасының ұйымдастырушысы ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Халықаралық есірткі трафигі арналарының жолын кесу бойынша жұмыс жалғасуда.