Ұлттық қордан балаларға алғашқы төлем түсті. Бүгіннен бастап Қазақстандықтар "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша балаға есептелетін соманы біле алады. Әр бүлдіршінге шамамен 100 доллар, яғни, 45 мың теңге есептелген. Ақпарат kids.enpf.kz сайтында жарияланды. 2006 жылы және одан кейін дүниеге келген Қазақстанның барлық баласына жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50%-і түсіп тұрады. Табыс есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл ішіндегі орташа сомамен есептеледі.