Бүгін Түркістанда Ұлттық құрылтайдың негізгі жиыны өтіп жатыр. Алғашқы күні делегаттар үш секцияға бөлінген еді. Олар әр саладағы түрлі тақырыптарды талқылаған болатын. Атап айтсақ, мәдениет, өнер, білім саласындағы қоғамның көкейінде жүрген мәселелерді көтерді. Құрылтай делегаттары тіпті, уақыт тапшы болды дейді.