Түркістан облысында Ұлттық Ұлан алғаш рет полициямен бірге қызметке кірісті. Түркістан облысы Полиция департаментінің алаңында полицейлер мен Ұлттық ұланның №6506 әскери бөлімінің арнайы 3-ші жедел мақсаттағы батальонының жеке құрамына арналған гарнизондық саптық байқау ұйымдастырылды. Шарада салтанатты түрде мемлекеттік Ту ортаға әкелініп, Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Түркістан облысы полициясының 300-ден астам және Ұлттық Ұланның 120 сарбазы сап түзеді. Гарнизондық саптық байқаудың мақсаты - қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігінің алдын алу бойынша тапсырмаларды орындауда жеке құрамның даярлығын тексеру. Айта кету керек, ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сапарбекұлы Саденовтің тапсырмасымен ай сайын Түркістан облысы Полиция департаментінің арнайы алаңында полиция генерал-майоры М.Қабденовтің жетекшілігімен саптық байқау өткізіліп тұрады. Ал бұл жолғы саптық байқау облыс орталығына жаңадан қоныстанған Ұлттық Ұланның сарбаздарына қауіпті учаскелерді көрсетіп, қызмет етулеріне бағыттау.