Ұлттық Валюта күнін Бәйдібек ауданы халқы да кең көлемде атап өтті. Салтанатты жиынға аудандағы қаржы саласының ардагерлері мен бүгінгі күні әр салада еңбек етіп жүрген есеп қызметкерлері қатысты. Қаржыгерлерді аудандық мәслихаттың төрағасы Кенехан Асқар Оразханұлы мен «AMANAT» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының төрағасы Құлымбет Ақбала Аманбайқызы да құттықтады. Осы салада еңбек сіңірген азаматтарына облыс әкімінің, аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыс етті. Сый-сияпаттарын жасады. Қызықты кешті аудандық мәдениет үйінің әншілері қорытындылады.