Бүгін «Ұлы Дала жорығы» марафон-бәйгесінің 9-кезеңі аяқталды. 850 шақырымды басып өткен шабандоздар арасында Алматы облысы мәреге бірінші боп жетті. Өкінішке қарай, Жамбыл облысының ұжымы жарыс жолынан шығып қалды. Ал, жалпы уақыт санағы бойынша Маңғыстау командасы көш басында келеді. Одан соң Қостанай мен Ақтөбе облысының ұжымы бар. Алда 5 кезең, яғни 450 шақырым қалды.