Үш ауысымды мектеп үшін айыппұлды директорға емес, әкімдікке салу керек. Мәжіліс отырысында депутат Асхат Аймағамбетов осылай деді. Мәжілісменнің сөзінше, соттар бүгін мектеп директорларына немесе аурухана басшыларына айыппұл салғанда олардың мүмкіндіктері мен құзыреттілігін толық ескермейді.