Түркістан облысының 3 бірдей мәдени мекемесі республикалық фестивальде үздік атанды. Бұл туралы Астана қаласында мәдениет және өнер ұйымдары арасында өткен «Рухани қазына 2023» фестивалінде белгілі болды. «Үздік облыстық маңызы бар музей» номинациясы бойынша «Ұлы дала елі орталығы», «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана» номинациясы аясында «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы топ жарды. Ал «Үздік облыстық мәдени-демалыс ұйымы» номинациясын Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы иемденді. Жеңімпаздар арнайы дипломмен марапатталып,1 млн теңге көлемінде қаржылай сыйақыға ие болды.