Бүгін Түркістандық 500-ден аса мұғалім бас қосты. Олардың қатысуымен Мұстафа Шоқай атындағы №24 жалпы орта мектепте ашық есік күні өтті. Жиынға білім беру ұйымдарының директорлары, ұстаздар мен балабақша тәрбиешілері қатысты. Мұнда педагогтар біліктілігін арттырып, оқу-әдістемелік, тәрбие жұмыстарына қатысты мәселелер бойынша қажетті консультативтік көмек ала алады.