Вакцинациядан бас тартушылар саны жыл санап көбейіп келеді. Түркістан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен денсаулық сақтау басқармасы дабыл қағуда. Тұрғындардың бірі «екпе табиғи иммунитеттi бұзады» дейді, енді бірі екпенің сапасына күмәнмен қарайды. Діни сеніміне байланысты қарсы болатындар тағы бар. Дегенмен екпеден бас тартудың зардабы қандай болмақ? Еркелді Тілеуқұл зерттеп көрді.