Төлеби ауданыда Рәміздер күніне орай велошеру өтті. Жалпы қашықтығы – 40 шақырым. Оған аудандағы ұстаздар мен үйірме жетекшілері, оқушылар қатысты. Велошабандоздар шеруді алты ауыл мен Біркөлік шатқалының жолынан бастап, «Төлеби шатқалы» саябағында түйіндеді. Жалпы, шерудің басты мақсаты - тұрғындардың велоспортқа деген қызығушылығын ояту. Оған Төлеби ауданының табиғаты да қолайлы.