Қазақстанға вейптерді әкелуге және таратуға тыйым салынады. Мәжіліс тиісті заң жобасын мақұлдап, оны Сенатқа жолдады. Себебі өткен жылы Қазақстан вейп контрабандасы бойынша дүниежүзінде 5 орынға шыққан. Өткен жылы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтай да мемлекет басшысы ұлт саулығына зиянын тигізетін қауіпті кеселмен күресу үшін жүйелі және шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін атап өткен еді. Өйткені қазір вейп жастар арасында тез тарап барады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес соңғы 4 жылда электронды темекі тарту көрсеткіші үш есе өскен. Енді оларды жарнамалағандар мен саудалағандар қандай жауапкершілікке тартылады? Аяулым Тоқтасын жалғастырады.