Еліміздің 5 облысы сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады. Олар Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары. Бұл тізімге Алматы қаласы да енді. Егер бұл шаһарда дүмпу болса қаланың 30 пайызы қирап қалуы мүмкін. Бұл жайында төтенше жағдайлар министрлігі баяндады. Қыркүйек айында жер сілкінісіне дайындық ретінде Алматыда оқу-жаттығу шаралары өтеді.