Бүгін Түркістанда «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл байлық ел үшін» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр. Қала әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған шараға шаһардағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысуда. Жиынның мақсаты айқын. Ол – қаладағы үкіметтік емес ұйымдардың бастамаларын қолдау және олардың жан-жақты сауаттылығын арттыру. Азаматтық қоғаммен бірге үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігін көтеру. Дәл қазір шарадан әріптесім Ақдариға Мұхаддас тікелей эфирге қосылуға дайын.