ЮНЕСКО-ның бас директоры Одрэ Азуле Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды. Оның Түркістанға сапар шегуі тегін емес. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне қазақстандық нысандар арасынан бірінші болып кірген еді. Мемлекеттік кеңесші, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Ерлан Қарин халықаралық ұйым басшысына кесенені сақтауға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Одрэ Азуле Қазақстан тарапының тарихи-мәдени мұраларды сақтауға байланысты қабылдаған шаралары жөніндегі ақпаратты үлкен ықыласпен тыңдады.