Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласындағы кәсіпорындарды аралады. Нысандардың басым көпшілігі заман талабына сай өнімдер шығарады. Мәселен бұған дейін бірнеше ауқымды жобаны жүзеге асырып жүрген «Mega-agat» ЖШС тағы екі ерекше жобаны бастады. Біріншісі – пластикалық құбырларға фитинг өндіру цехі. Мұнда шығатын өнім пластиктен жасалады. Бүгінде өндіріс орны тәулігіне 1500 дана өнім шығарып отыр. Цех алдағы уақытта тек өңірдің ішкі қажеттілігін өтеп қана қоймай, алыс-жақын облыстар мен шет елдерге жеткізуді жоспарлауда. Ал, серіктестіктің екінші жобасы – жылы еденге арналған пластикалық құбыр шығару. Облыс көлемінде тұңғыш рет жүзеге асырылып жатқан жоба құны 100 млн. теңгені құрайды. Мұнда барлық негізгі жұмыстарды шет елден әкелінген арнайы құрылғылар атқарып, тәулігіне 2000 шаршы метр өнім шығарады. Өңір басшысы осындай кәсіпорындарды көбейту бағытындағы жұмыстарды күшйетуді тапсырды.