«Түркістанның заманауи мұғалімдері – 2023» фестивалі өз мәресіне жетті. Биыл 2-рет ұйымдастырылып отырған байқауға аудан-қалалардан 200-ге жуық мектеп директоры мен орынбасарлары, мамандандарылған білім беру ұйымдарының басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері, кәсіби бағдар беруші педагогтар мен әдіскерлер және пән мұғалімдері қатысты.