Түркістан облысында жанар-жағармай өнімдерін заңсыз тасымалдау әлі де тыйылмай тұр. Күні кеше рухани шаһардың кіре берісінде көлігіне рұқсатсыз бак орнатқан жүргізуші анықталды. Соған байланысты өңірде шұғыл жүк көліктерін жаппай тексеру басталды. Рейдтік шараны көлік жүргзушілерінің өзі құптап отыр. Қосымша бак қойып, шетелге заңсыз жанар-жағармай тасымалдайтындар айылын жияр емес. Мұның салдары дизель тапшылығына әкеп соқтыруда. Өткен айда заңсыз тасымалға қатысты 300-ге жуық дерек тіркелген. Тексеріс мамыр айының 20-ына дейін жалғасады.