Жер қойнауын заңсыз қазатындар тыйылмай тұр. Әсіресе, қиыршық тасты тонналап тасып, саудалайтындар көбейген. Соның кесірінен өзен арнасы өзгеріп, жергілікті тұрғындар залалдың зардабын тартуда. Мұның себебін облыс әкімі Дархан Сатыбалды мемлекеттік органдағылардың өз міндетін дұрыс атқара алмауынан деп білетінін айтты. Толығырақ тілші материалында.