Биылғы жылдың 1-қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері 9%-ға, ал жәрдемақы жалпы 7%-ға артты. Сондай-ақ, зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген азаматтарға арнайы әлеуметтік төлем енгізілді. Мұндай қызметкерлер 55 жастан асқан соң оларға автоматты түрде төлем 4 көзден бөлінеді. Әрі көмек алушының зейнетақы қоры 7 жыл бойы үздіксіз аударылған болуы керек. Бұл туралы еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті баспасөз отырысында айтылды.