Келес ауданында аса қауіпті мароккалық шегіртке бес бірдей ауылдық округте тарап кеткен. Егістік пен жайылымдық жерлерден зиянкестердің ошағы табылды. Осыған байланысты өңірде химиялық өңдеу жұмыстары күшейтілді. Мамандар арнайы ұшақпен сұйықтық шашып, зиянкестерге тосқауыл болмақ.