Түркістан қаласындағы Назарбаев зияткерлер мектебі жыл басынан бері 90-ға жуық ғылыми жобаларға қатысқан. Бұл жайында білім ордасының есеп беру концертінде белгілі болды. Сондай-ақ, мәдени шарада оқушылар өз өнерін көрсетті. Республикалық жарыстарда үздік деп танылған ғылыми жобалар да таныстырылды. Олардың арасында Мансұр мен Даниярдың ғылыми жобасы да бар. Олар әзірлеген жоба жер сілкінісі зардабын мейлінше азайтуға бағытталған. Оқушылар тақырыпты теріңірек ашу үшін жарты жылға уақытын сарп еткен көрінеді.