Қазіргі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу өте маңызды. Осы мақсатта Бәйдібек ауданында Ішкі саясат бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының мамандары мектептерді аралады. Дәлірек айтсақ, 49 білім ұясына барып, оқушыларға арнайы дәріс өтті. Бұл шара «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акциясы аясында болды. 25-қарашада басталған науқан 10-желтоқсанға дейін жалғасады.