1 айдан кейін үйінді астынан ит пен жылқы тірі табылды

Түркияда 6 ақпандағы жер сілкінісінен 25 күн өткеннен кейін үйінді астынан ит тірі шығарылды, - деп хабарлайды Астана телеарнасы тілшісі Anadolu басылымына сілтеме жасап. Жануар Хатай провинциясының Антакия аймағында қоқыс тазалап жатқан ғимараттың қирандыларының астынан табылған. Ит тұрып қалған кеңістікте оның аман қалуына көмектескен тамақ болған. Ит ветеринарлық бақылауға жіберілді.Осыған дейін құтқарушылар Антакиядағы үй қирандыларының астынан Алекс есімді сібір хаскиін алып шыққан болатын. Ит үйінді астында 23 күн тамақсыз, сусыз жатқан.Құтқару тобы екі қабатты ғимараттың қирандыларынан тірі жанның дыбысын жазып жатқанда иттің дыбысын естіген. Кейін кішкентай тесіктен иттің мұрнын көрген. Итті босатуға екі сағат кеткен."Алекстің осы шұңқырда 23 күн бойы ішіп-жемсіз жатуы, аман қалуы шынымен керемет жағдай", - дейді еріктілердің бірі.Ал Адияман қаласында жер сілкінісінен 21 күн өткен соң құлаған ғимарат қирандыларының астынан тірі, сау жылқы табылған. Әлеуметтік желі қолданушылары жылқы үш апта қалай сусыз өмір сүрді деп таңғалғандарын жасырмады. Жер сілкінісінен кейін қалада жауған жаңбыр жануарды аман алып қалуы мүмкін деген нұсқа бар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бизнесті буындыратындар да бар
Такси жүргізушісі қылмысты ашуға көмектесті
Астанада ауыл шаруашылығы ғылымының болашағы талқыланды
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Euronews: Ақтау маңындағы ұшақ апатына зымыран себеп болды
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін