Ал Батыс Қазақстан облысында 1 жарым жастағы сәби сәбізге қақалып көз жұмды. Анасының айтуынша, баласы шикі сәбіз жеп отырып, қақалған. Келіншек ұлының арқасынан қағып, сәбіздің бір бөлігін шығарғанымен, бүлдіршіннің тыныс алуы қиындапты. Жанұшырған анасы жолай көлік тоқтатып, баласын ауруханаға жеткізген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, балаға сот-дәрігерлік сараптама жасалған. Мамандар сәбидің тыныс алу жолдарының бөгде затпен бітеліп қалғандықтан, тұншығып қайтыс болғанын мәлімдеді. Еркін БОРАНБАЕВ, ДӘРІГЕР: Бала ауруханаға жеткізілген кезде тіршілік белгілері байқалмады. Жүрек соғысы тоқтап, тыныс алмады. Сол жерде бірден жедел жан сақтау шараларын жүргіздік. Бірақ осыған қарамастан, жарты сағаттан кейін биологиялық өлім тіркелді. Е. Карин