1 қаңтардан бастап барлық әлеуметтік төлем мөлшері өсті

Елімізде 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақының барлық түрлерінің мөлшері өсті. 4,4 млн зейнетақы мен жәрдемақы алушыға үстеме қосылды. Оған республикалық бюджеттен 4,6 трлн теңге қарастырылған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде бірқатар әлеуметтік төлем мөлшері өсті. Президент тапсырманы халыққа арналған Жолдауында берген болатын. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Мен ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Біз зейнетақы жүйесін де қайта жаңғыртамыз. Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін біртіндеп ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал жоғарғы шегін 120 пайызына жеткізу қажет. Сонымен қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңге, айлық есептік көрсеткіш 3 450 теңге болып бекітілді. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 21 907 теңге, ал ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге болды. Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс көлемі 40 567 теңге болып өзгерді. Елімізде 2,2 миллион зейнеткер бар. Барлығының да зейнетақысы өсті. БЛИЦ: - Мен 113 мың алам өзім, январьдың аяғына қосатын шығатын. - 10,5 процент өсті. Ол да оңай емес қой. Жақсы ғой" өскені. Бала күтіміне байланысты берілетін төлем де көбейді. Бірінші балаға – 19 872 теңге, екінші балаға – 23 495 теңге, үшінші балаға – 27 083 теңге беріледі. Айта кету керек, Президент тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бала күтімі бойынша төлем мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзартылды. Мұғалімдердің мәртебесін көтеру бастамасы жалғасып жатыр. Қаңтардан бастап жалақыларына тағы 25 процент қосылды. Бұл бірінші кезекте балабақша тәрбиешілеріне, мектеп және колледж педагогтарына, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесінің мамандарына қатысты. Ә. Дүкембаева

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Боран болады: 23 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қарағандылық жолшылар жүк көлігін апаттан құтқарды
Щучинскте монша өртенді
Семейде бас шыршаның шамын жағу рәсімі кейінге қалдырылды
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бақыт Сәрсекбаев бокстан ұлттық құрамаға оралды