1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері артады

1 қыркүйектен бастап мемлекеттік шәкіртақы мөлшері өседі. Бұрын 36 мың теңге алып келген бакалавр студентінің стипендиясы 43 мың теңге болмақ. Ал колледж студенттерінің шәкіртақысына 11 мың теңге қосылады. Бұл білім алушылардың жатын орны мен ас-ауқатына жете ме? Әріптесім Ақбота Базарбай студенттермен тілдесті. Зухра Кетебаева мемлекеттік грант иегері атанды. Дәрігер мамандығына оқуға түсті. Шәкіртақы өседі дегенді естіп, балаша қуанды. Өйткені, ол басқа қаладан Астанаға білім алуға келген. Сәлде болса шығынымызды жауып, ата-анаға салмақ салмаймын деп отыр. Зухра КЕТЕБАЕВА, СТУДЕНТ: Шет қалада жүрген студенттер үшін үлке бір пайда болып келеді. Қаржы жағынан қиналмайды деген секілді. Өз стипендиясының жоғарылауы оның жүріс-тұрысына да қажет болады. Мен осы еліміздің медицина саласын көтергім келеді. Ал Ұлбосын стипендияның өскені білімге ден қойған жастарды қамшылай түседі деп есептейді. Ұлбосын САПАРОВА, СТУДЕНТ: Ол студенттерді алдыға қарай ынталандырады. 43 мың теңге болды деген сөз өте жақсы. Енді, Инша Аллах, 50 мыңға дейін көтереді деген ойдамын. Бакалавр дәрежесінде білім алушылардың шәкіртақысы қыркүйектен бастап - 43 мың теңгеге, магистранттарға - 97 мың теңгеге, докторанттарға, оның ішінде «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша – 217 мың теңгеге өседі. Ал Техникалық және кәсіптік білім беру студенттерінің шәкіртақысы 50 процентке артпақ. Динара АЛИМОВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ Бакалавриат студенттерінің мемлекеттік шәкіртақысы 20 пайызға, магистранттар мен докторанттардың 15 пайызға, техникалық және кәсіптік білім беру студенттерінің шәкіртақысы 1 жарым есеге артады. Сонымен қатар, келесі айдан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің жалақысы 30 пайызға өсетін болады. Күзден бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы да 11 мың теңгеге көбейеді. Бұл бастама колледж студенттерінің әлеуметтік жағдайын жақсартып қана қоймай, техникалық кадрларды даярлау сапасын арттырмақ. ШӘКІРТАҚЫ МӨЛШЕРІ - Бакалавриат - 43 000 тг; - Магистранттар – 97 024 тг; - Докторанттар – 217 500 тг; - Техникалық және кәсіптік білім беру - 50%

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жеңімпаз атанған 100-ден астам спортшы Париж Олимпиадасы медалін қайтарып берді
«Маскаң шешіледі...»: әнші Қарақат Әбілдина Қажылыққа барғандағы әсері жайлы айтты
Алматы музейлері оқушылар үшін тегін болды
Жеңімпаз атанған 100-ден астам спортшы Париж Олимпиадасы медалін қайтарып берді
Алакөлде жеңіл көлік мінген ер адам қар құрсауында қалып қойған
“Жылқыңды сатып беремін“. Ақмола облысында ер адам алаяққа алданған
Құрамында никотині бар вейпті дайындап сатқан адам сотталды
Жамбыл облысында азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мәселесі кеңінен талқыланды
Криминалистер бір жылда 50 мыңнан аса тексеріс жүргізген
Ақтауда құстар мен итбалықтардың өлекселері табылды
Tele2 мен Altel Қатар еліне сатылды
«Бастысы, қателеспеу керек»: Айгүл Иманбаева 2025 жыл несімен ерекше болатынын айтты
«Қызымның шашын қырып тастаған»: Блогер ата-анасының ақылсыздығын айтып, еңіреп жылады (ВИДЕО)
Жамбыл облысында 8-сынып оқушысын өлтірген үш оқушы сотталды
Анастасия Городко Универсиада чемпионы атанды
Кастет те суық қару
«Маскаң шешіледі...»: әнші Қарақат Әбілдина Қажылыққа барғандағы әсері жайлы айтты
Енді валюта айырбастау орындары ойына келген бағасын қоя алмайды
Химиялық зат тасымалдап келе жатқан жүк көлігі жолдан шығып кетіп, апатқа ұшырады
Лос-Анджелестегі алапат өрттен Голливудтың атақты актрисасы тірідей жанып кетті
Қысқы универсиада: Ел қоржынына алғашқы алтын түсті
Адам өлтіргені үшін іздеуде болған күдікті ұсталды
Алматы әлемдегі ең лас 126 мегаполистің ішінде бірінші орында тұр
Өскемен тұрғыны дүкенде жалған ақшамен төлем жасаған