1 қыркүйектен бастап елімізде балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өседі

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30%-ға өседі, деп хабарлайды Zakon.kz.ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім департаментінің мәліметінше, мемлекет басшысының тапсырмасымен 2020 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін тәрбиешілердің жалақысы жыл сайын 25%-ға өсті. "2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап тағы 30%-ға өседі. Осылай, еліміздегі 97 мыңнан астам педагогтің жалақысы 2,5 есеге артады",-Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.Департамент директоры Наталья Жұмаділдаеваның айтуынша, Мемлекет басшысының қолдауының арқасында іске асырылатын педагогтердің жалақысын жыл сайын арттыру оң нәтиже берді. "Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту мақсатында оларды даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау жүйесін жетілдіру, әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыру бойынша министрлік жүйелі жұмыс жүргізуде. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Әдістемелік кабинеттер жанынан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету үшін мобильді топтар құрылды", – дейді ол. "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты мен мамандығы бойынша кадрлар даярлау 39 жоғары оқу орны мен 119 колледжде іске асырылады. Колледждер өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдармен бірге "Педагог" кәсіби стандарты негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлейді және оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңартады. Педколледждерге қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралып, биыл мектепке дейінгі білім берудің 20 мыңнан астам педагогі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бүгінгі валюта бағамы қандай
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Көктайғақ, бұрқасын: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Түркістанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш медициналық нысан ашылды
Шығыс Қазақстан облысында аспалы жолдың тросы үзіліп кетті
Орташа жылдамдық айыппұлын салмас үшін не істеу керек?
Омбы-Майқапшағай трассасында жол апаты болды
Бүгінгі валюта бағамы қандай
Алматыда Қазақстан-Германия глаукома орталығы ашылды
Қыста жақсы ұйықтау үшін мына 3 ережені сақтаңыз
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады