1 маусым – соңғы қоңырау күні. Биыл елімізде 1 маусымда халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау шарасы өтеді. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады. 31 мамыр – оқу жылының соңғы күні. Ал ертеңіне мектептерде соңғы қоңырау мерекесі ұйымдастырылмақ. Демалыс мерзімі бұрынғысынша сақталады, яғни оқу күндері көбеймейді, демалыс уақыты қысқармайды. Жалпы қазақстандық оқушылар 170 күн оқиды. Каникулдың ұзақтығы - барлығы 195 күн. Ә. Дүкембаева