Елімізде 18-35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар 1 миллион теңгеден ала алады. "Zhas Project" жобасына қатысуға өтінім беру басталып кеткен. Бұл туралы Bugin.kz хабарлайды.Жоба Қазақстанның 20 өңірінде қолға алынған. Жұмыссыз жастар арасынан 1 миллион теңгеге дейінгі 280 шағын грант иесі анықталады. "Zhas project" жобасының негізгі мақсаты – Қазақстандағы NEET санатындағы жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. Жоба аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіледі, сондай-ақ жұмыспен қамту және білім беру салаларынан уақытша тыс қалған 18 бен 35 жас аралығындағы жас қазақстандықтарға қолдау көрсетіледі. Өтінім қабылдау 24 сәуір күнгі сағат 23:59-ға дейін жалғасады.