1 наурыздан бастап 3 қала мен 12 облыстың уақыты бір сағат артқа жылжиды. Осылайша еліміздің барлық аумағы бірыңғай уақыт бөлдеуіне көшеді. Қоғам талабынан туындаған мәселе біраз талқылаудан өтті. Сауда және интеграция министрлігінің ведомствоаралық уақыт өлшемі жөніндегі жұмыс тобы жылға жуық тиісті зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ол ғылыми және медициналық институттарға жолданып, нәтижесінде мамандар бір сағат белдеуін енгізу мәселесін қолдады.Болат НҰРХОЖАЕВ, ҚОЛДАНБАЛЫ ХРОНОБИОЛОГИЯ МАМАНЫ:Барлық аспектлерді зерттеп, оны барлық мемлекеттік органдарға, ғылыми зерттеу институттарына, медициналық институттарға, сосын физиология-генетикаға қатысы бар жоғарғы оқу орындарына жіберіп, бәрінен де қолдау алдық. Соның ішінде онкология және радиология институты, астрафизика институты, адам және физиологиясы генетикасы институттары бәрі қолдап отыр. Ғалымдардың айтуынша, сағат тілін артқа жылжыту адам денсаулығына ғана емес, сондай-ақ энергетика, логистика және кәсіпкерлік салаларына да өз пайдасын тигізеді. Сонымен қатар елде ажырасу жағдайларын да азайтуға әсер етеді. {СНХ}Әмір ҚУАТ БИОТЕХНОЛОГ, ҒАЛЫМ:Түн ұйқы дегеніміз ол адамның ағзасына өте пайдасы зор. Өйткені оның регенеративтік жамайтынын жамап, жасайтынын уақыт қой ол деген ұйықтап жатқан кезде. Сондықтан сіздің ұйқыңыз бір сағатқа қысқарып жатқандықтан, сіздің ағзаңыздағы регенаративтік процестер бір сағатқа кем болып жасалып жатыр да.